Бізге жазыңыз
ru kz
Позвонить

Біздің пансионатымыз қарағай орманында орналасқандықтан, келгеннен соң, бірден ауаның тазалығы мен балғындығын сезесіз. Қылқан жапырақты ағаштар әр түрлі бактерияларды жоюға қабілетті ауаға фитанцит шығарады. Қарағай орманымен қыдырып жүріп, денеңізді сауықтырып, тазартасыз. Сондай-ақ біздің қарағайлы орман скандинавиялық жүру үшін өте қолайлы. Скандинавиялық жаяу жүру — арнайы таяқтарды пайдаланатын фитнес пен спорттық жаттығулардың ерекше түрі. Тірек-қимыл аппаратының мәселелерін шешуге көмектеседі, жүректің жұмыс қабілетін арттырады, тізедегі жүктемені азайтады және дененің төзімділігін арттырады. Дәрігердің нұсқаулығымен, түстен кейін бір сағаттай скандинавиялық жүру жолдаманың құнына кіреді. Басқа уақытта скандинавиялық жүрумен айналысқысы келгендер, скандинавиялық таяқшаны 1 сағат — 200 теңгеге жалға алуларына болады.

Задать вопрос/ оформить бронь

Сонымен қатар, балалар демалысына да үлкен көңіл бөлінген. Бос уақыттарын өткізу үшін арнайы жабдықталған балалар алаңы, ойын бөлмесі бар, мәдени, ойын-сауық шаралары өткізіледі, тәрбиешінің қызметі қарастырлыған.

Брондау