Бізге жазыңыз
ru kz
Позвонить

Тұрақтану ережелері

Пансионатқа келген кезде:

  • Жеке куәлігін немесе паспортты  2 ай мерзімінен аспайтын
  • Санаторлы-курорттық картаны көрсетуіңіз қажет.

Пансионаттағы осы категориядағы нөмірлер : «Стандарт» 2-3 орынды , «Полулюкс», «Бір бөлмелі люкс», «Үш бөлмелі люкс», «VIP нөмір» жайлы жабдықтандырылған.. Көптеген бөлмелерде демалушылардың қалауынша қосымша орындар берілуі мүмкін. Жаз мезгілінде сіздердің қызметтеріңізде жайлы жабдықталған екі қабатты бөрене үйшіктерінде 2-кісілік бөлмелер бар.

  • Бір тәуліктен кем тұрақтанған жағдайда төлем ақы төлеу күніне қарамастан, толық күн үшін алынады.
  • Тұрақтану ақысы қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға да болады.
  • Пансионатта тұрақтану ақысы бірегей есептеcу уақытына сәйкес — сағат 12-ден бастап (түскі уақыт) алынады.  Есептесу қызметтер ұсынылғанға дейін жасалынуы тиіс. Тұрақтану ақысы демалушының нақты келу сағатына қарамастан, кірген күні сағат 12-ден басталады.
5 уақытылы тамақтану:
Таңертеңгі ас 09.00 — 10.00 сағат
Түскі ас 13.00 — 14.00 сағат
1 Бесіндік ас 16.30 — 17.00 сағат
Кешкі ас 19.00 — 20.00 сағат
2 Бесіндік ас 21.00 — 21.30 сағат

Өтініш, санаторияның тәртіп ережесін ескеріңіз:

  • Қажетті тағайындаулар тек емдеуші дәрігердің қатысуымен жасалады.
  • Жолдамадағы белгіленген күндер санын екіге немесе одан да көп адамдарға бөлуге болмайды.
  • Пансионаттағы есептесу уақыты — сағат 12.00 (түскі уақыт)
  • Пансионат мүлікіне зақым келтіргені немесе жоғалғаны үшін демалушылар материалды жауапты.
  • Бөлмеге бөтен адамдарды шақырғанда, демалушы администраторға хабарлауы керек.Бөтен адамдардың бөлмелерде мекендеуі  сағат 23 дейін рұқсат етіледі. Сағат 23 кейін бөтен адамдар бөлмеден шығуға міндетті немесе әр адамға қосымша орын үшін ақысы төленуі тиіс. Демалушылар бөтен адамдарды өздері жоқ кезінде бөлмеде қалдыра алмайды, бөлменің кілтін бере алмайды.
  • Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауыңыз керек.
  • Бөлмелерде темекі тартуға рұқсат етілмейді.
  • Бөлмедегі жиһаздардың орындарын ауыстыруға рұқсат жоқ.
  • Бөлмеде тұтанатын заттарды, қаруды ұстауға тыйым салынады.
  • Бөлмеден шығар кезде, су ағындарын, терезелерді жауып, шамдарды және теледидарды өшіріп, бөлмені жауып, кілтті тапсыруыңыз керек.
  • Сақтауға берілмеген ақша үшін, бағалы қағаздар және заттарыңыз сатылған жағдайда пансионат әкімшілігі жауапты емес.
САНАТОРЛЫ ТӘРТІП — ЕМДЕЛУДІҢ ТАБЫСТЫ НЕГІЗІ!