«Жұмбақтас» пансионаты келесі ауру түрлерін емдеуге қызмет көрсетеді:
- Тыныс алу мүшелері ( бронх қабынуы, трахеиттар (кеңірдектің ішкі кілегей қабығының қабынуы), тыныс демікпесі);
- қан айналым мүшелері ( күретамырлы қысымның көтерілуі, ишемиялық ауруы);
- Сүйек — бұлшықет жүйесі (буынның қабынуы (артрит), бірнеше буынның қабынуы (полиартрит), остеохондроз;
- Жүйке тамырларының шеткі жүйесі; урологиялық.
Жолдама құнына кіретін медициналық процедуралар тізімі
Галотерапия (тұзды шахта)
Сумен емдеу — ванналар:
- валерьян
- қылқан жапырақты сый (хвойный дар)
- лаванда
- пиниментол
Шипалы балшықпен емдеу (бастырма әдісімен).
Тамақты булау(ингаляциялық).
Магнит терапиясы (аппаратар: «Полимаг», «Теплон», «Алмаг», «Мавит» )
Светолечение (аппарат «Биоптрон»).
Аппарат «ДЭНАС»
Аппликатор-очки «ДЭНАС».
Венозно-вакуумная стимуляция и лимфодренаж — (корейские банки «ТЭГОН»).
Магнитно-вакуммная иглорефлексотерапия серебряными иглами — («Ашу-терапия»)
Цифровой компрессонный-вибрационный массажер для головы «Filfeel»
«Тяньши» массажеры — (энергия және қан айналымдарын ынталандыру).
Кровать — массажёр «Серагем» — (рефлексотерапевтического воздействия, мануальной терапии, физиотерапии инфракрасным излучением).
Инфрақызыл лампа.
Оттегі коктейлі.
Емдік дене шынықтыру кабинеті.
Терапевт-дәрігер қабылдауы.
Жедел медициналық көмек көрсету.
Галотерапия (тұзды шахта)
Галотерапия — бұл адамның тұзды шахтада өте ұсақ тұзды бөлшектермен қаныққан ауаны дем алу арқылы емделу процедурасы. Дымқыл тұзды шахта, организмның грипп және ЖРВИ эпидемиясына қарсы тұруын күшейтеді, ұйқысыздықты кетіреді, босаңсытады, тез шаршауды басады. Тері аурулары кезінде қолданылады. Қабынуға қарсы әсері мен бактерия жойғыштығы арқасында қанның микроайналымын жақсартады, клеткаларды (қуыстарды) оттегімен байытады.
Нұсқаулар: Созылмалы өкпе аурулары, созылмалы бронхит, бронх демікпесі, өкпедегі кәсіптік шаң аурулары (силикоз, пневмоканиоз); Аллергия және поллиноз; ЛОР мүшелерінің патологиясы, тері аурулары (нейродермиттар, экзема, оғаш дерматит).
Сумен емдеу
Сумен емдеу — емделудің ең көп таралған әдістерінің бірі. Емделу мақсатымен қолданылады және сумен емдеудің ең маңызды түрі болып табылады. Жолдама құнына кіретін сумен емдеу ванналарының тізімі:
— Валерьяндық — эфир майларымен хош иістендірілген тыныштандыратын ванна. Жүйке кернеуі, стресс, қоздырғыштар көтерілуі, мазасыздық және ұйқысыздық кезінде тиімді. Жұмсақ седативті әсер етуді қамтамасыз етеді.
Судың температурасы: 34-37℃
Процедураның ұзақтығы: 10 — 15 минут
— «Лаванда ваннасы» — лаванда экстрактісінің негізінде фито және ароматерапияның сәтті үйлесімі. Лаванданың эфир майы қатты күйзеліс және жүйке жүктемесі кезінде жағымды әсер етеді, ішкі тыныштықты қалпына келтірудің керемет жолы.
Судың температурасы: 36-37℃
Процедураның ұзақтығы: 10 — 15 минут
-«Пиниментол» — қабынуға қарсы аромаванна. Эвкалипт майы және камфора қақырықты шығаруды жеңілдетеді, қабынуды және жоғарғы тыныс алу жолдарының ісінуін азайтады, ментол тыныс алу жолдарын босатады. Ваннаны қабылдау суық тию симптомдарын жақсартады, организмның қорғау механизмдерін қолдайды және емделу процессін белсендендіреді.
Судың температурасы: 35-38℃
Процедураның ұзақтығы: 10 — 15 минут
Шипалы балшықпен емдеу
Қара емдік балшықпен жапсыру әдісі қолданылады. Тиімділігі құрамында фосфор, натрий тұздарының, кальций, бром микроэлементтерінің көптігіне байланысты. Табиғи антиоксиданттардан тұратын балшық жапсырмалар, қан айналымын және қолдану аймағында зат алмасу ұлпасын жақсартады, ауырсынуды жеңілдетеді. Артриттарды, артроздарды, остеохондроздарды, аяқ-қол жарақаттарын, буын жұмыстарын қалпына келтіруде сәтті қолданылады.
Тамақты булау (ингаляциялық) емдеу
Тамақты булауда (ингаляция) қолданылатын дәрі-дәрмектер, мақсатты әрекет етеді, және аэрозоль түрінде арнайы аппараттарда қолданылады. Нұсқаулар: жоғарғы тыныс жолдарының өткір, жеделдеу және созылмалы қабыну аурулары (емделу және профилактика үшін), тыныс демікпесі, созылмалы риносинусопатия.
Магнит терапиясы (аппаратар: «Полимаг», «Теплон», «Алмаг», «Мавит» )
Заманауи медицинада «Полимаг»и «Алмаг» аппараттары кеңінен қолданылады. Қабынуға қарсы және ісінуге қарсы ауруды басу әсеріне ие, тамырлардағы микроциркуляцияны , регенерациялану процесін арттырады. Антистресті әсер, жүйке кернеуін төмендетеді. Көптеген ағзалардың ауруларына және жүйелеріне көрсетілген, науқастармен жақсы қабылданады. Клиникалық сынақтар терапиялық әсерін 78-90% жағдайда көрсетілген. » Теплон» аппараты пневмония, брохит, гинекологиялық және урологиялық аурулардан кейін қолданылып жүр, қабыну ошақтарының және организмның қалпына келтіруге ықпал етеді. «Мавит» — Мавит аппараты бұл жылу-магнит-вибромассажерлы құрылғы, ер адамдарда простатит және қозу әрекетсіздігі ауруларын емдеуге қолданады. Қуықалды безіне трансректальды әсер етеді, 3 фактор бар:
1. инфрақызыл сәулеленуге байланысты гипертермия;
2. импультік магнит өрісі;
3. механикалық микровибрация (массаж). Қуықалды безінде микроциркуляцияның жақсаруы байқалады, қанның айналымы артады, қабыну ісігі және ауыру жеңілдейді. Осының бәрі ерлердің жыныстық жүйе органдарының қызметін қалпына келтіруге ықпал етеді.
Сәулемен емдеу («Биоптрон» аппараты)
«Биоптронның» сәулесі организм жасушаларына биостимуляциялық әсер етеді, жараларды және күйіктерді емдеуге көмектеседі, организмде қалпына келтіру процестерін ынталандырады, ауырсынуды басу және қабынуға қарсы әсері бар. Отит, ларингит және мұрын қуыс өсінділерінің созылмалы тонзилит қабынуына кеңінен қолданылады.
Аппарат «ДЭНАС»
Денас — терапиясы — бұл зат алмасу процестерін ынталандыруға , сонымен қатар адамның ішкі күш-қуатын «оятуға» бағытталған, сауықтыру тәсілі. Осы тәсіл арқасында көптеген созылмалы және өткір ауруларды емдеуге болады. Аппарат, организмге әлсіз электромагниттік импульстармен әсер етеді. Қолдану нұсқаулықтары: өткір және созылмалы ауырсыну синдромдары, тыныс алу жолдарының , ас қорыту, ЛОР мүшелерінің, сүйек-бұлшықет жүйесінің функциональдық бұзылыстарын түзету.
«ДЭНАС» көзілдірік — аппликаторы
Көз түбі қан тамырларының микроциркуляциясын, көру жүйесінің функционалдық жағдайын жақсартады, машықтану ауруларын жояды. Оптикалық көзілдірікті кию кезінде және көзге ұзақ уақыт күш салатын жұмыстарға байланысты көздің шаршауын кетіреді (компьютер), глаукома мен катарактаның алдын-алу, емделуден соң көздің көруі жақсара түседі.
Көктамыр-вакуумдық ынталандыру және лимфалық дренаж — (кореялық «ТЭГОН» банкасы (құтысы)
Вакуум-терапия қан айналымына жақсы әсер етеді, организм тіндерін қалпына келтіреді, шлак және токсиндерді жоюға көмектеседі. Бірқатар ауру белгілері кореялық «ТЭГОН» банкасымен (құтысымен) емделеді. Бұдан басқа, вакуумдық массаж курсынан соң, жалпы организмініздің жақсарғанын сезінетін боласыз. Қолдану нұсқаулықтары: органдар мен тіндерде тоқырауды жою; Нерв жүйесінің аурулары; Қанайналым жүйесі; Тыныс алу органдарының аурулары; Асқорыту органдары; Тері және тері астындағы тіндердің аурулары; Сүйек-бұлшықет жүйесі, Жыныс жолдарының аурлары; Косметикалық мәселелер (проблемалар)..
Күміс инелермен магнитты-вакуумдық инерефлексотерапиясы — («Ашу-терапия»)
Қытай медицинасында емдеудің жаңаша түрі. Инерефлексотерапиясы қан айналымының белсенді болуына, жасушалардағы осмотикалық қысымның қалпына келуіне, органдар мен ұлпаларға қоректік заттар мен оттегінің жеткізілуіне ықпал етеді. «Ашу»-терапия — қан айналымын жақсартады және жасушалық деңгейде зат алмасуын белсендендіреді. Өткір металды магнитты конус акупунктуралық ине сияқты әсер етеді, бірақ теріге енбейді. Остеохондроз, невралгия, полиневропатия, созылмалы простатит, гинекологиялық ауруларды емдеуде нейро-бұлшықет ауруларын жеңілдету үшін пайдаланылады. Ем қабылдаудан соң, жеңіл энергетикалық массаж жасалады.
Басқа арналған сандық компрессия-вибрациялық массажер «Filfeel»
Басқа арналған массажердың негізгі бағыты — ми жұмысын жақсарту. Құрылғы жеңіл бас ауруын емдеуге, қысымды, алаңдаушылық пен стрессті азайтуға көмектеседі. Басқа арналған массажер: ұйқыны реттеуге, шаршауды басуға, күретамыр қысымын реттеуге, көз ішінің қысымын төмендетуге, сонымен қатар бас миына оттегінің жетуін күшейтуіне көмектеседі. Бірегей технологияда: 4 түрлі массаж режимі, 10 түрлі вибрация режимі, жылы компресс және жеңіл тыныштандыратын музыка бар. «Тяньши» массажеры аяқтың, қолдың және жамбас аймағының рефлексогенді аймақтарына және биоактивті нүктелеріне әсер етеді. Энергия мен қан айналымын ынталандырады. Кіші жамбастағы гинекологиялық және урологиялық іркілген ауруларды емдейді. Жасушалардың өміршеңдігін, жыныс гормондарының секрециясын белсендендіреді, жыныстық функцияларды арттырады. Төменгі аяқ қан тамырларының ауруына, ангиопатияда, варрикозда тиімді болып табылады.
«Серагем» массажер — кереуеті:
Серагем — адам ағзасына бірнеше оң әсерін тигізеді, 5 заманауи және ең кең таралған әдістерді қолданады. Біріншісі, бұл акупунктура, жүйке жүйесінің жұмысын ынталандырады. Екіншісі, жылудың адам денесінің белгілі бір жеріне әсер етуі. Үшіншісі, барлық бұлшық еттерге, сіңірге және теріге тегіс және жұмсақ әсер ететін арнайы әзірленген роликтермен массаж. Төртінші, адам ағзасындағы тек қана белсенді нүктелерге әсер ететін массаж. Және де бесіншісі, бұл инфрақызыл жылу, шлактар мен токсиндерді жоюға, қан айналымын жақсартуға көмектеседі. Көрсеткіштер: тірек-қимыл жүйесінің аурулары, жүрек-қан тамырлары және перифериялық жүйке жүйесі, созылмалы шаршау синдромы, физикалық және жүйке әлсіздігі.
Инфрақызыл лампа
Инфрақызыл лампаның пайдасы, инфрақызыл толқындар 4 см тереңдікке дейін енеді, теріге жоғары әсерін тигізеді, сонымен қатар, қан айналымын қамтамасыз етеді, қан айналымын , метаболиттік процестерді жақсартады, ұлпаларға оттегін жеткізілуін арттырады, микробтар мен вирустардың белсенділігін басады. Нәтижесінде, адамның жалпы денсаулығы жақсарады.
Емделу көрсеткіштері:
- құлақ, тамақ, мұрын аурулары;
- Артриттар, артроздар, миозит;
- Радикулит (құяң), невралгия;
- Созылмалы дерматоздар.
Оттегі коктейлі
тотығу-тотықсыздану үдерістерін күшейтеді, жүрек-тамыр және жүйке жүйесінің функционалдық жағдайын, асқазан-ішек жолдарының моторлық және ферментативті функциясын жақсартады. Созылмалы шаршау жағдайында және физикалық жүктемеден кейін еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіреді.
Бізбен байланысыныз
Сонымен қатар, балалар демалысына да үлкен көңіл бөлінген. Бос уақыттарын өткізу үшін арнайы жабдықталған балалар алаңы, ойын бөлмесі бар, мәдени, ойын-сауық шаралары өткізіледі, тәрбиешінің қызметі қарастырлыған.
Брондау