Бізге жазыңыз
ru kz
Позвонить

"Жұмбақтас" пансионаты

“Жұмбақтас” пансионаты 2006 жылдан бастап жұмыс жасайды. Щучье-Бурабай курорттық аймағында, Щучье көлінің жағасындағы қарағай орманында орналасқан, келесі ауру түрлерін емдеуге медициналық қызмет көрсетеді:

  • Тыныс алу мүшелері;
  • Қан айналым мүшелері;
  • Сүйек – бұлшықет жүйесі;
  • Жүйке тамырларының шеткі жүйесі;
  • Урологиялық.

“Жұмбақтас” пансионатында  жыл бойы жұмыс іcтейтін 2 тұрғын ғимараты, жаздық 2 жайлы жабдықтандырылған бөрене үйлер, емдеу корпусы, жаздық және қыстық асхана, теннис корты, баскетбол мен волейбол ойындарына арналған алаң, мұз айдыны, жаздық сырғанауға арналған төбешік және шаңғы трассасы бар.

Сонымен қатар, балалар демалысына да үлкен көңіл бөлінген. Бос уақыттарын өткізу үшін арнайы жабдықталған балалар алаңы, ойын бөлмесі бар, мәдени, ойын-сауық шаралары өткізіледі, тәрбиешінің қызметі қарастырлыған.

Біздің пансионатымыздың ерекшелігі: 5 мезгіл әртүрлі тамақтану, дәруменді үстел – шұбат, қымыз, және де диеталық тамақтану мүмкіндігі бар.

Біздің пансионаттың бөлмелері

”ЛЮКС” бөлме

Бөлме жиынтығы: бір бөлме, екі кісілік кереует, жұмсақ жиһаз, электрлік шәйнегі, ыдыс-аяқтар жинағы, wi-fi, жерсеріктік телевидение,тоңазытқыш, себезгі кабинасы, санитарлық бөлме.

”ЛЮКС – бөлме” үш бөлмелі

Бөлме жиынтығы: үш бөлмелі орын, екі адамдық кереует, жұмсақ жиһаз, үстел (6 адамға арналған) орындықтар, ыдыс-аяқ сақтауға арналған жиһаз, ыдыс-аяқ жинағы, электрлік шәйнегі, тоңазытқыш, wi-fi, жерсеріктік телевидение, себезгі кабинасы, санитарлық бөлме. Люкс бөлме зонасының ерекшелігі: өрілген ротанг жиһазымен толық жасақталған жабық лоджиясы болып табылады.

VIP - бөлме

Екі қабатты VIP классты бөлме жекеленген кіру есігімен , үш жатын бөлмесімен, қонақ бөлмесімен және санитарлық бөлмесімен жабдықталған. Бөлме жиынтығы: екі кісілік кереует, жұмсақ жиһаз, үстел (12 адамға арналған), орындықтар, ыдыс-аяқ сақтауға арналған жиһаз, ыдыс-аяқ жинағы, электрлік шәйнегі, қысқа толқынды пеш, тоңазытқыш, wi-fi, жерсеріктік телевидение, себезгі кабинасы, санитарлық бөлме, мини-сауна. Әсіресе, бірнеше отбасының бірлескен демалысына немесе шағын компанияларға (серіктестерге) айрықша іс-шараларды өткізуге өте ыңғайлы.

”Полулюкс” бөлме

Бөлме жиынтығы: бір бөлме, бір кісілік және екі кісілік кереуеттер, жұмсақ жиһаз, журнал үстелі, wi-fi, жерсеріктік телевидение, шайға арналған сервиз, электрлік шәйнегі, тоңазытқыш, себезгі кабинасы, санитарлық бөлме.

«СТАНДАРТ» бөлме (бөрене үйлері)

"Жұмбақтас" пансионатының иелігінде жаздық жайлы жабдықтандырылған екі қабатты ағаштан салынған үйлер ішінде 2-3 орындық стандарт бөлмелері бар. Бөлме жиынтығы: бір бөлме, бір кісілік кереует, журнал үстелі, wi-fi, жерсеріктік телевидение, тоңазытқыш, себезгі кабинасы, санитарлық бөлме. Сонымен қатар, қосымша төлем үшін 12 жасқа дейінгі балаларға және үлкендерге (ересектерге) орын қамтамасыз етеміз.

«СТАНДАРТ» бөлме

Бөлме жиынтығы: Бір бөлме, бір кісілік кереует, кереует жанындағы бағаналар, wi-fi, киім-кешек шкафы, журнал үстелі, жерсеріктік телевидение, тоңазытқыш, себезгі кабинасы, санитарлық бөлме. Сонымен қатар, қосымша төлем үшін 12 жасқа дейінгі балаларға және үлкендерге (ересектерге) орын қамтамасыз етеміз.

Пікірлер

Біздің марапаттарымыз