Орманда серуендеу және скандинавиялық серуендеу
Біздің Пансионат қарағайлы орманда орналасқандықтан, бізге келгеннен кейін сіз бірден ауамыздың балғындығы мен тазалығын сезінесіз. Қылқан жапырақты ағаштар ауаға бактериялардың әртүрлі түрлерін жоюға қабілетті фитонцидтер шығарады. Қарағайлы орманда серуендеп, сіз денеңізді сауықтырып, тазартасыз.
Сондай-ақ, біздің қарағай орманы скандинавиялық серуендеуге өте ыңғайлы. Скандинавиялық серуендеу - бұл арнайы таяқтарды қолданатын сауықтыру және спорттық жаттығулардың ерекше түрі. Тірек-қимыл аппаратының мәселелерін шешуге көмектеседі, жүректің жұмысын сергітеді, тізедегі стрессті азайтады және дененің төзімділігін арттырады.
Дәрігердің нұсқауы бойынша, түстен кейін, бір сағат ішінде скандинавиялық серуендеу жолдама бағасына кіреді. Басқа уақытта скандинавиялық жүріспен айналысқысы келетіндер, скандинавиялық таяқтарды жалға алу 1 сағат-200 тг.
Сұрақ қою/ брондау
Сонымен қатар, балалар демалысына да үлкен көңіл бөлінген. Бос уақыттарын өткізу үшін арнайы жабдықталған балалар алаңы, ойын бөлмесі бар, мәдени, ойын-сауық шаралары өткізіледі, тәрбиешінің қызметі қарастырлыған.
Брондау